Жұма, 24 сәуiр, 13:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Елімізде 22 мыңнан астам су нысаны цифрландырылды

24.04.2026

43 0

Фото: «ҚазСуШар» мекемесінен

Елімізде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бүгінде оған 22 мыңнан астам су нысаны енгізілген. Бұл туралы Өңірлік экологиялық форум барысында белгілі болды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті Жерасты суларының мемлекеттік мониторингі және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы басқармасының басшысы Ляззат Зиябекованың айтуынша, бұл жүйе жерүсті және жерасты сулары, гидротехникалық құрылыстар мен су пайдалану туралы деректерді біріктіруге арналған.

Қазіргі жүйеде өзендер, көлдер және гидротехникалық құрылыстарды қоса алғанда, 22 мыңнан астам су нысаны есепке алынған.

— Осы жылдың соңына дейін негізгі инфрақұрылымды, оның ішінде каналдарды толық қамту жоспарланып отыр. Осы жүйе негізінде елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл – нақты ағын көлемін, су қоймаларындағы судың жиналуын және оның экономика салалары бойынша тұтынылуын салыстыруға мүмкіндік беретін сапалық жаңа деңгей, – деп атап өтті басқарма басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: