Бейсенбі, 28 мамыр, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан парниктік газ шығарындыларын азайтудың жаңа тетігін енгізбек

28.05.2026

42 0

Коллаж: Kazinform

Мәжілісте Париж келісімі аясында Қазақстандағы климат өзгерісінің салдарын азайтуға бағытталған жаңа тетікті енгізу мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдеріне жолдады. Депутат ұсынылып отырған тетіктің қазіргі нормалардан айырмашылығы қандай екенін, оны іске асыру кезінде қандай қиындықтар барын және қандай нәтиже күтілетінін сұрады.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, қолданыстағы экологиялық заңнама Париж келісімін жүзеге асыруда негізінен ішкі реттеуге бағытталған және халықаралық міндеттемелерді толық қамтымайды.

— Ұсынылып отырған өзгерістер реттеу тетіктерін жаңғыртып, оның аясын ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа да кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан парниктік газ шығарындыларын азайтуға ықпал етсе, екінші жағынан Қазақстанға шетелдік инвестор тартуға және көміртек бірліктерінің елден тыс айналымына жол ашады, — деді вице-министр.

Оның сөзінше, жаңа тәсілдер Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін тиімді орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл климаттық жобаларды дамытуға және инвесторлардың қызығушылығын арттыруға қосымша серпін бермек.

Вице-министр жаңартылған тетік экологиялық саясатты іске асырудың тиімділігін арттырып, жүйені икемдірек әрі тәжірибеге бейім етуге жол ашатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: