Табиғат – адам баласына аманат етілген асыл қазына, тіршіліктің мәңгілік бастауы. Алайда бүгінде әлемдік ластану табиғатқа орасан зор зиян келтіріп, жер бетіндегі тіршілікке қауіп төндіруде. Ауа мен су ластануы салдарынан су тіршілік иелері қырылып, өзен-көлдердің табиғи тепе-теңдігі бұзылуда. Мұхиттардағы пластик қалдық пен қоқыс балықтардың өмірін жалмап жатыр. Бұл-адамның табиғатқа жасаған немқұрайлығының ащы салдары.
Мұхит пен теңізді қоқыстан тазарту үшін пластик қалдығын азайтып, қоқысты сұрыптап тастау,су айдындарын тазарту шарасына қатысу және экологиялық ұйымның бастамасын қолдау өте маңызды. Өндіріс орнының қалдығын суға төкпеу, теңіз бен өзенді ластамау, балық аулау тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет.
Жахандық жылыну да өз зардабын тигізуде. Арктикадағы мұздықтың еруі ақ аюлардың табиғи мекенін жойып, тіршілік етуін қиынадатуда. Мұз азайған сайын олар қорек таба алмай, жлйылып кету қауіпіне жақындап келеді.
Бұл – табиғатты қорғаудың қаншалықты жауапкершілікке толы іс екенін дәлелдейді.
Ал өсімдіктер болса, жердің өкпесі десек те болады. Сондықтан ағаш отырғызу, гүл егу, жасыл желекті баптап қорғау,табиғатты аялаудың ең қарапайым әрі маңызды жолдарының бірі. Қоқысты арнайы жәшікке тастау, пластик қолдануды азайту, су мен электр қуатын үнемдеу де табиғатты қорғауға қосылған үлес.
Балжан Қақарман
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Оқу тобы;Ж –25-7
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
