Облысымызда балық шаруашылығын дамытып, су маржандарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында дәстүрлі “Таза Қазақстан акциясы” жүргізілуде. Акцияның басты мақсаты облыс көлемінде орналасқан су айдындарының жағалауларын күл қоқыстан, түрлі тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
Ағымдағы жылдың 20 маусым күні облыстық табиғат қорғау прокуратурасы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері бірігіп, Сырдария өзенінің жағалауын қоқыстардан тазартты.
Қызметкерлер көлдердің айналасындағы қоқыстарды жинастыру, тазалау жұмыстарын жүргізіп, 350 кг шамасында әртүрлі қоқыс қалдықтарын арнайы қоқыс алаңына шығарды. Іс-шараға 20 адам, 2 техника жұмылдырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
