Сәрсенбі, 22 сәуiр, 12:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Жаһандық экологиялық апаттардың қалай алдын алуға болады

22.04.2026

65 0

Фото: freepik.com

Жаһандық климаттық және экологиялық мәселелер әлемдегі барлық мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ бизнес өкілдері және сарапшылар қауымдастығының бірлескен өзара іс-қимылы нәтижесінде ғана шешіледі. Бұл жөнінде Өңірлік экологиялық саммиттің кулуарында іс-шара модераторы Шарлотта Кан мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM  

– Климаттың өзгеруін жалғыз мемлекет тоқтата алмайды. Мәселен, ауаға тараған көмірқышқыл газы үшін шекара жоқ, ол бір орында тұрмайды. Сондықтан табиғатты қорғау мақсатында барлық ел жұмылып, жаһандық және аймақтық деңгейдегі бірлескен әрі ұзақ мерзімді шешімдерді қарастыруы керек, – деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы Орта Азиядағы тағы бір аса өзекті тақырыпқа тоқталды.

– Аталған аймақта ауа ластануынан бөлек, су ресурстарының тапшылығы ушығып тұр. Бұл мәселені аймақтағы елдер өзара диалог, сенім және нақты келісімшарттарды орындау арқылы ғана шеше алады, – деді ол.

Бұдан бөлек, модератор Арал теңізінің тартылғаны тәрізді экологиялық апаттардың алдын алу қажеттігін жеткізді.

– Енді қол қусырып, күтіп отыратын уақыт жоқ. Үкіметтер, аграрлық сектор, жеке бизнес, стартаптар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастықтар – бәрі-бәрі қоршаған ортаны қорғау мақсатында бірігуі тиіс. Сонда ғана нақты жүзеге асатын әрі тұрақты шешімдерді қабылдауға болады, – деді ол.

Шарлотта Кан Астанадағы экологиялық саммиттен үміті зор екенін айтады.

– Бұл жиынға қатысу – мен үшін мәртебе. Орта Азия мемлекеттері сан алуандығына қарамастан, ортақ болашақ үшін бірігуге дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл саммит жаңа ортақ бастамалар мен нақты шешімдерге жол ашатынына сенемін, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: