2026 жылдың I тоқсанында астық тасымалы 4,1 млн тоннаны құрап, былтыр сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды kursiv.media
Экспортқа 3,2 млн тонна астық шығарылса (+18%), ал ішкі нарыққа 0,9 млн тонна (+8%) сатылған.
Орталық Азия елдері бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Бұл елдерге астық тасымалы көлемі 48%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде Өзбекстанға 1,5 млн тонна жөнелтілді.
Ресей Федерациясы бағытына және оның аумағы арқылы жасалған тасымал көлемі 512 мың тоннаны құрады.
Ауғанстан бағыты бойынша тасымал 4,2 есе өсіп, 302 мың тоннаға жетті. Қытай бағытына жемдік ұн жеткізу көлемі 2 есе артып, 1 млн тоннаны құрады.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаны құраған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
