Қазақстан қор биржасында (KASE) 15 маусым сағат 11:30-дағы мәлімет бойынша, қазір 1 доллар 492,60 теңгеден саудаланып жатыр. Ал ақша айырбастау мекемелері АҚШ валютасын 494 теңгеден сата бастады, – деп хабарлайды kursiv.media
Өткен аптаның аяғы, 12 маусымда KASE-дегі биржа 489,40 теңгемен жабылған. Ал дүйсенбі күні доллар бағамы тағы үш теңгеге көтерілгенін көріп отырмыз.
Елдегі ақша айырбастау мекемелері долларды 494 теңгеден сата бастады. kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 долларды 492 теңгеден қабылдап, 493-494 теңгеден сатып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, сату мен сатып алу айырмашылығы айтарлықтай жоғары: 487 және 494 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз айларында елде шетел валютасына сұраныс артатынын алдын ала ескерткен. Жылда осы уақытта шетелде демалуды қалайтын қазақстандықтар долларды көптеп сатып алады.
Оның үстіне АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келгенін жариялап, нарықта Brent маркалы мұнай бағасы айтарлықтай түсті. Теңге бағамына мұнай бағасының да әсері бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
