Жұма, 22 қараша, 02:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Алтынға қызығатындар көбейді

23.04.2022

1148 0

Биыл алтын құйма сатып алушылар қатары көбейген. 2022 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 167,2 кг 8269 құйма сатты. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп.

«Сатылымның ұлғаюына ал­тынға инвестиция құюға қызы­ғушылығы артқан халықтың сұранысы ықпал етіп отыр. Себебі қаржы нарығындағы белгісіздік пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған шақта көпшілік бұған жинақтарының сақталуын қамтамасыз етудің баламалы құралы ретінде қарайды» деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.

Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5,10,20,50 және 100г. Сатып алушылар ара­сында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27 процент, яғни 23390 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие, 18178 дана, 100 грамдық құймадан 18034 дана, 5 грамдық құймадан 16834 дана, 50 грамдық құймадан 11095 дана сатылған. Бір айта кетерлігі, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында көп са­тылады.

«Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күйінде төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады. Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 303,3 келі 12367 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 14 проценті. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы Ұлттық банк филиалдары арқылы халыққа сатылады» делінген банк хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: