Сейсенбі, 16 маусым, 12:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге шектеу қоймақшы

16.06.2026

59 0

Фото: shutterstock

Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салады. Бұл туралы маусым күні елдің премьер-министрі Кир Стармер X желісінде мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жаңа ережелер 2027 жылы көктемде күшіне енуі керек.

«Балалар технология бүкіл жерді жаулап алған әлемде өмір сүруге мәжбүр. Бұған ары қарай жол бере алмаймыз. Біз балалардың балалық шағын өзіне қайтарамыз», – деп жазды Кир Стармер парақшасында:

Жаңа заң жобасын үкімет Рождество мерекесіне дейін парламент қарауына ұсынуы керек. Билік Аустралияның моделін қолдануды жоспарлап отыр. Яғни Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X сияқты платформаларға тыйым салынады, бірақ WhatsApp пен Signal сияқты мессенджерлерге шектеу қойылмайды.

Сонымен қатар, билік 18 жасқа толмағандар үшін әлеуметтік желілерді түнде пайдалануды шектеу және лентаны тоқтаусыз парақтау мәселесін де қарастырып жатыр. Романтикалық қызмет көрсететін, қарым-қатынасты немесе рөлдік ойындарды имитациялайтын жасанды интеллект чат-боттарына да тыйым салмақ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: