Жұма, 24 сәуiр, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Бағалы металл бағасы 13 сәуірден бері алғаш рет төмендеді

24.04.2026

47 0

Фото: pexels

Мамыр айында жеткізілетін күміс фьючерстерінің құны Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) бір трой унция үшін 75 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, мұндай жағдай 2026 жылдың 13 сәуірінен бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:12-дегі дерекке сәйкес, күмістің бағасы 3,86%-ға төмендеп, бір трой унция үшін 74,95 долларды құрады. Ал 15:17-де құлдырау үдей түсіп, баға 74,925 доллар деңгейінде сақталды (-3,89%).

Бұған дейін, 23 сәуірде алтын бағасының 16,5 мың теңгеге арзандағаны белгілі болған. Сонымен қатар, сол күні сауда-саттық барысында доллар бағамы аздап өскені анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: