Жұма, 26 сәуiр, 15:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Банкке қарыз қазақстандықтар енді несие ала алмайды – Тоқаев заңға қол қойды

13.07.2022

346 0

Бұдан былай банкке берешегі бар қазақстандықтар несие рәсімдей алмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты. 

Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі. 

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр. 

«Микрокредиттік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микрокредит бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызға қысқарту ұсынылады», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: