Бейсенбі, 02 мамыр, 02:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кен орындары мемлекетке қайтарылды

28.01.2023

949 0

Суретті түсірген: Н.Нұржаубай

Қазақстанның кен байлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біздегі байлық басқаларда болса халқын алтынмен аптап, күміспен қаптамаса да әлеуетін әлдеқайда жақсартар еді.

Иә, бүгінде жұртшылық осындай әңгімені жиі айтатын болды. Тіпті арабтар сияқты өмір сүріп, елімізде бір емес бірнеше Дубайды салып тастауға болады дейтіндер де бар. Кейбіреулер мұндай әңгімелерді жай сөз деуі де мүмкін. Бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны» секілді әлгіндей әңгімелердің жаны болмаса ел ішінде осынша есер ме еді?.. Несін жасырамыз, көп байлығымыз жекенің меншігінде. Тіпті сол байлықтың басым бөлігінің қызығын шетелдіктер көріп жатыр. Бұл сөзімізге ондаған, жо-жоқ жүздеген мысал келтіруге болады. Ал жекенің еншісіне тиген байлықты қайтару мүмкін бе? Иә, мүмкін! Ол әділетті Қазақстанда жүзеге асады.

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмір­сутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселе­сі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Осы жиында алтын, көмір, темір, мыс, боксит, полиметалл және басқа да кен орындары мемлекеттік қорға қайтарылғаны айтылды.

Міне, жаңалық! Ақпарат көзіне сүйенсек, Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға беріл­ген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау барысында өткен жылы уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбалар бойынша 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 12 келісімшартты бұзған. Нәтижесінде мемлекеттік қорға алтын, көмір, темір, мыс, боксит, полиметалл және басқа да кен орындары қайтарылды, олар кейіннен стратегиялық инвес­торларға беру үшін аукционға шығарылады.

2022 жылы өткізілген аукциондардың қоры­тын­дысы бойынша бюджетке 26 млрд теңге сомасына қол қою бонусы төленді және көмір­сутек шикізаты бойынша геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден астам инвестиция мәлімделді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған аукционға барлық мүдделі инвесторлар қатыса алады. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде рес­публикалық баспа басы­лымдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурс­тарында жарияланады. Сонымен қатар уәкілетті органдар қаржылық міндетте­мелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүр­гізіп жатыр.

Өткен жылы мемлекет кірісіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 331 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді, сондай-ақ көмір­сутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңгеге берешек өтелді. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін инвестиция ағыны ұлғаяды.

Үкімет сайты таратқан мына ақпаратқа қарап, «ұстағанның уысында, тістегеннің аузын­да» кетіп жатқан талай байлыққа толы кен орындарын қайтаруға болады екен ғой деген тұжырым жасадық. Баяғыда бір көкем шындап келсе бәрі биліктің өз қолында деген еді. Шы­нында солай екен-ау. Енді мұнай кеніштері қай­тарылса, мемлекет меншігіне берілсе, ол ха­лықтың игілігіне жараса деген тілек бар бізде. Өйткені үкімет бұл бағыттағы жұмысты әлде де жалғастырады екен.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: