Сенбі, 27 сәуiр, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Нан неге қымбаттады?

28.01.2023

806 0

Ас атасы тағы да қымбаттады. Бүгінде екі адамның басы қосылса, қымбатшылықты сөз етеді. Енді қайтсін, қазіргі күннің басты тақырыбы осы. Базар бағасы құбылып тұр. Құбылғанда бағасы түссе жақсы ғой, шарықтап бара жатыр. Мәселен, нан бағасы өткен аймен салыстырғанда 5-10 теңгеге қымбаттаған. Күнделікті сатып алушылардың қалтасына бұл әжептеуір салмақ. Атап айтсақ, өткен айда бөлке нан кейбір жерлерде 85 теңгеден сатылса, бүгінде 90-130 теңге аралығында. Ал 130 теңгеден сатып алатын тандыр нанның кішкентайы 140 теңгеден басталса, үлкені 180-200 теңге аралығында. Бірақ та нан бағасы өскенмен,

ұн қымбаттамағанын білдік.

Бүгінде қызылордалықтардың көпшілігі азық-түлікті «Асқар», «Ажар», сауда дүкендерінен және «Сұлтан», «Отырар» базарларынан алады. Бұл сауда орындарында ұнның бағасы әртүрлі. Арнайы аралап көргенде «Ажар» сауда дүкенінде ұнның екі келісі – 680-710 теңге аралығында. Ал 25 кг бірінші сорт­ты ұнның бағасы 5300 теңгеден басталса, 50 кг ұн бағасы 10850- 12200 теңге аралығында екен. Сонымен қатар 50 кг  жоғары сортты ұнды 13600 теңгеден ала аласыз. Біз аралаған дүкендердегі баға осындай. Тек арасындағы 50-100 теңге айырмашылықты байқауға болады.

Нарыққа бағынбай тұрған бағаны тұрақтандыру мақсатында аймақта шаралар қабылданып келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының мәліметіне сүйенсек, бағаны тұрақтандыру мақса­тында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.

Нан бағасын тұрақтандыруға «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан 12,1 мың тонна астық сатып алынып, 54 наубайханаларға тара­тылған. Аталған наубайханада нан бағасы 90 теңгеден сатылуда. Бүгінгі күнге 7,6 мың тонна ұн жеткізілсе, 1,1 мың тонна ұн өндіру кәсіпорнында. Бұдан бөлек, Рудный қаласының «Кустанайская мукомольная компания» ЖШС-нің ұн өңдеу кәсіпорнынан 544,0 тонна ұнмен қамтамасыз ету бойынша келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге осы көлемнің барлығы жеткізілген.

Айта кетелік, осы айда  3 өнімнің бағасы өскен. Атап айтсақ, пияз – 5,9%, күріш – 1,9%, нан – 1,7%  қымбаттаған.

Қалай десек те, халық сауда орта­лығы мен дүкен сөресіндегі баға­ға тәуелді. Бірақ соңғы уақытта баға­ның өскенін көрсек те, төмендегенін байқамадық. Әсіресе, халық жиі тұтынатын ұн, нан, макарон өнімдері, ет, сүт, көкөністердің бағасы қолжетімді болғанға не жетсін?

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: