Бейсенбі, 20 маусым, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Облыстың әлеуметтік экономикалық даму деңгейі жоғары

19.01.2024

3756 0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Тиісінше, өнеркәсіп кәсіпорындары 1023,9 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.

– Өңдеу өнеркәсібінде – 307,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,5 пайызға артық орындалды. Өсім негізінен шикі тауарлар мен бұйымдарды өңдеу нәтижесінде ұлғайды. Атап айтқанда, резеңке және пластмасса өндеу 17,9 пайызға, бейметалл минералдық өнімдерді өндеу 46,6 пайызға, металлургия өндірісі 68,2 пайызға, көлік жабдықтарын жөндеу және орнату 24,4 пайызға артып отыр. Есепті кезеңде өңір экономикасына 486,5 млрд теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 183,5 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Ал 740,7 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 224,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, егін шаруашылығының жалпы көлемі – 141,7 млрд теңге, мал шаруашылығының жалпы көлемі – 77,7 млрд теңге. Бұдан бөлек, өткен жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды құрады. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өңірде 33 559 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16 184-і тұрақты жұмыс орны,- деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: