Жұма, 05 наурыз, 05:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (1719)
02.03.2021
PDF мұрағаты

Өңірде 188,2 мың гектар алқапқа егін егіледі

10.02.2021

3993 0

Биыл облыста 188,2 мың гектарға егін егу межеленіп отыр. Тек күріштің көлемі 5,1 мың гектарға азайтылады. Оның орнына әртараптандыру бағыты бойынша дәнді, майлы дақылдар егілетін болады. Мәселен 96,6 мың гектарға дәндi дақыл, 6,7 мың гектарға майлы және 66,4 мың гектарға мал азықтық, және 18,4 мың гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылы егіледі.

– Қазіргі таңда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, егін маусымына 21 090 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 638 тонна жаздық бидай, 50,4 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 215,6 тонна жоңышқа және 164,2 тонна мақсары тұқымы қажет. Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 25,0 мың тоннасы, 5925 литр гербицид сатып алынды. Бұған қоса, көктемгі егінге су алуға қатысты жұмыстар жасалуда, -деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Көктемгі дала жұмыстарына 1821 трактор, 465 соқа, 229 тұқым сепкіш, 343 автомашина және 810 трактор тіркемесі қатысады. Қазіргі таңда 1088 трактор, 287 соқа, 138 тұқым сепкіш, 235 жүк көлігі, 531 трактор тіркемесі жөндеуден өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: