Сенбі, 23 мамыр, 23:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығы ненің есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді

23.05.2026

54 0

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

2025 жылы бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Есепті жылы бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,5 %-ын құрады. Бюджет тапшылығы негізінен ішкі көздер есебінен қаржыландырылды, – деді Д. Темірбеков.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 36,4 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын құрады. Соның ішінде үкіметтік борыш – 34,8 трлн теңге.

– 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш және квазимемлекеттік сектор борышы индикаторларының нақты деңгейі Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген шектеулерден аспайды, – деді вице-министр.

Еске салсақ, былтыр күзде Қазақстанның сыртқы мемлекеттік борышы туралы мәлімет жарияланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: