Бейсенбі, 14 мамыр, 19:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

14.05.2026

54 0

Фото: Сауда және интеграция министрлігі (архив)

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасында Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЭЕК) жариялаған мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕЭК дерегіне сүйенсек, 2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,6% болған. Осылайша, Қазақстан одақ елдері арасындағы ең жоғары өсім көрсеткен мемлекеттердің бірі атанды. Көш басында өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға өскен Қырғызстан тұр.

Жыл қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 4,7%-ға, Ресейде 1,3%-ға өскен. Ал ЕАЭО кеңістігінде өндіріс көлемі төмендеген жалғыз ел – Беларусь. Ондағы көрсеткіш 1,8%-ға азайған.

Комиссия 2025 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштерді де ұсынды. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға артқан. Ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда өсім 10,4% болған.

Жалпы ЕАЭО бойынша желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісі бір жыл ішінде 3,9%-ға ұлғайған. Бұл кезеңде ең жоғары өсім Арменияда тіркеліп, көрсеткіш бірден 38,6%-ға жеткен. Қырғызстанда өсім 10,4%, Қазақстанда 8,1%, Ресейде 3,7% болған. Беларусьта, керісінше, өндіріс көлемі 2,9%-ға төмендеген.

Есепте 2024 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда жалпы 5%-ға өскені айтылған. Сол жылы Қазақстанда да оң динамика сақталып, өсім 2,8% болған.

ЕЭК жариялаған статистикалық мәліметтердің алдын ала екені және кейін нақтылануы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ комиссия Ресейдің 2024-2025 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісі статистикасын нақтылауына байланысты ЕАЭО бойынша деректердің қайта есептелгенін хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: