Сенбі, 23 мамыр, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк экономиканы дамытудың «3I» моделін енгізеді

23.05.2026

106 0

фото: premierministеr.kz

Астанада ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен және халықаралық сарапшылармен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру, ұзақ мерзімді капитал тарту және экономика өнімділігін арттыру тетіктерін талқылау болды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Шараға бірқатар салалық министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, экономиканы сапалы жаңғыртуға бағытталған «3I» (Инвестиция, Ықпалдасу, Инновация) моделін қарастырды.

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстандағы цифрландырудың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, бұл мүмкіндікті әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға жедел әрі дәл жеткізу үшін пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау аясында «Даму» қорының ішінара несиелік кепілдік беру тетігі ШОБ-ты дамытудың тиімді құралы екені дәлелденді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тек талдаумен шектелмей, нақты іс-қимылға көшу туралы уағдаласты.

Жиын барысында Андрей Михнев өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, әр облыс үшін қолданбалы құралдар әзірлеудің маңыздылығын алға тартса, Серік Жұманғарин бұл ынтымақтастық отандық бизнеске пәрменді қолдау көрсетіп, сапалы экономикалық өсудің негізін қалайтын нақты бағдар болатынын атап өтті.

Жақын арада құрылатын бірлескен жұмыс тобы қыркүйек-қазан айларына дейін кешенді іс-қимыл жоспарының жобасын дайындап, құрылымдық реформалардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Вашингтонда Қазақстан ХВҚ мен Дүниежүзілік банк кездесуінде жеке алаң ұйымдастырған еді. Сол жиында экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған реформалар туралы сөз болған.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: