Сенбі, 07 желтоқсан, 19:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан қант экспортына тыйым салмақ

27.03.2022

1371 0

Қазақстан ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қант экспортына тыйым салуды жоспарлап отыр.

Аулы шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, жыл соңына дейін қазақстандық тұтынушыларға 45 мың тонна қант қажет болады. Қазір қажетті көлемді сатып алу мәселесі пысықталып жатыр.

«Әрбір қант зауытына логистикаға байланысты жекелеген өңірлерді бекіту ұсынылады. Сондай-ақ, ӘКК-нің (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы) тұрақтандыру қорларына белгіленген бағамен қанттың қажетті көлемін кепілді сатып алу үшін зауыттармен форвардтық келісімшарт бекіту мәселесі қарастырылып жатыр», – деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта министрлік 126 мың тонна қант пен құрақ қант шикізатын бажсыз әкелуге квота берді. Квотаның қалған бөлігіне (124 мың тонна) өтінім қабылдауды жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, қант экспортына тыйым салу туралы бастама жасалды, бажсыз қантты (халыққа тікелей сату мүмкіндігі) әкелуді квоталау жөнінде НҚА-ға өзгерістер енгізілуде.

Сондай-ақ қантты әкелуге рұқсат беру тәртібін енгізу, баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша ақ қант пен шикі қантты импорттауға және өткізуге қосылған құн салығын алып тастау, зауыттарды толық жүктеу үшін егіс алаңдары мен қант қызылшасының жалпы өнімін ұлғайту ұсынылып отыр.

Бұған дейін АШМ басшысы Қазақстанда тұтынылатын қанттың 58%-і шетелден әкелінетінін хабарлады.

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: