Бейсенбі, 18 сәуiр, 21:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ломбардтар жарты жылда 19 млрд теңге табыс тапты

19.09.2021

1280 0

Қазақстанда ломбардтар жарты жылда 19 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында аталған ұйымдар 68 млрд теңге көлемінде кіріс алған. Ломбардтар қаражаттарының негізгі бөлігін, яғни 43,68 млрд теңгені сыйақының арқасында алған. Оның ішінде микрокредиттік ұйымдарға қарыз беру есебінен – 28 млрд теңге тапқан. 

Сонымен қатар есепті кезеңде компаниялардың шығындары 46,21 млрд теңгені құрады. Қаражаттың едәуір бөлігі операциялық шығындарға жұмсалған.

Осылайша, корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда 21,79 млрд теңгені құраса, төлегеннен кейін 19,02 млрд теңгеге дейін қысқарған. 

Ал микроқаржылық ұйымдардың табысы 141 млрд теңгеден асқан. Шығыны 92 млрд теңгеден көп.

Айта кетейік енді Ұлттық банк елдегі кредиттік ұйымдар мен ломбардтардың кірісі мен шығысын жариялайды. Биыл елде ломбардтар жаңа ережемен жұмыс істеуді бастағанын еске салайық.

Қазір лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1044 ұйым тіркелген.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: