Сәрсенбі, 13 мамыр, 19:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда сауда саласының өсімі 5,1%-ды құрады

13.05.2026

56 0

Фото: Midjourney

2026 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша Сауда саласының нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,1% болды. Былтыр қаңтар-сәуірде аталған көрсеткіш 107% болған. Бұл туралы статистикалық мәліметтерде айтылды, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Атап айтқанда, 2026 жылдың алғашқы төрт айында көтерме сауданың нақты көлем индексі 105,9%-ды құрады. Ал бөлшек сауданың НКИ-і 103,4% болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіштер тиісінше 107,4% және 106,1% деңгейінде тіркелген.

Сауда саласының жалпы құрылымында көтерме сауданың үлесі басым – 67,7%. Ал бөлшек сауданың үлес салмағы 31,8%-ды құрайды.

Бюро дерегінше, 2026 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 15 068,8 млрд теңгеге жетті. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға артық. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым болып, жалпы көлемнің 80%-ын құраған.

Республиканың көтерме сауда көлеміндегі ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі – 36,7%. Сонымен қатар Атырау облысының үлесі 15,2%, Астана қаласының үлесі 14,3%, Қарағанды облысының үлесі 5,3% болды.

Сонымен қатар есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі 7 082,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-ға өсті. Сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы өткізу көлемі 1%-ға артса, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасайтындардың көрсеткіші 4,6%-ға ұлғайған.

Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың бөлшек саудадағы айналымы 6 229,3 млрд теңгеге жетті. Бұл жалпы бөлшек сауда көлемінің 88%-ын құрайды. Ал шетелдік меншік нысанындағы кәсіпорындардың үлесіне 852,8 млрд теңге немесе 12% тиесілі болды.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауар қоры 1 719,5 млрд теңгені құрады. Сауда күндерімен есептегенде бұл көрсеткіш 68 күнге тең.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 31,1%, ал азық-түлік емес тауарлардың үлесі 68,9% болды. Азық-түлік өнімдерін өткізу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 0,6%-ға артқан.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде республиканың бөлшек сауда көлеміндегі ең жоғары үлес Алматы қаласында тіркелді – 31,5%. Одан кейін Астана қаласы – 13,2%, Қарағанды облысы – 7,7% және Шығыс Қазақстан облысы – 5,6% көрсеткіш көрсетті.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстандағы көтерме сауда көлемі 3 048,5 млрд теңгені құрап, 2025 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 103,2%-ды көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: