Сейсенбі, 21 сәуiр, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандағы 4 млн адамның зейнетақы жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді

21.04.2026

52 0

фото: shutterstock

Қазақстандағы 4 млн адамның зейнетақы жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін өткен брифингте еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

«БЖЗҚ дерегінше, бізде жастар өте аз жинаған. 4 млн адамның тек 500 мың теңгеге дейін жинағы бар. Бұл өте аз», – деді ол.

Министр зейнетке шыққанда артық уайым болмас үшін азаматтарға еңбек өтілін бастаған сәттен зейнетақы қоры жайлы ойлануға кеңес берді.

«Азамат өзінің еңбек жолын бастаған сәттен зейнетақы туралы ойлану керек. Шартты түрде, 24 жасында ЖОО бітіріп, жұмысқа орналасса, сол кезден бастап зейнетақы қорына жинақ жинай беруі керек», – деп атап өтті министр.

Осыған дейін сенаторлар Қазақстанда зейнетке шығу реформасын өзгертуді ұсынған. Депутаттар үкімет қазіргі жасқа негізделген жүйеден біртіндеп бас тартып, нақты еңбек өтіліне сүйенетін жүйеге көшуі керек дейді.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: