Сәрсенбі, 22 сәуiр, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанға шетелден жұмыртқа кіргізуге тыйым салды

22.04.2026

56 0

Фото: Shutterstock

Елге шетелден жұмыртқа кіргізуге болмайды. Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан Республикасының аумағына жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», – деп жазылған құжатта.

Транзиттік тасымал, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекетке Қазақстан арқылы өтетін жүктер бұл тыйымға жатпайды.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл шараның мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: