Сенбі, 28 желтоқсан, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда Су жүйесінің» жұмысына байланысты қоғамдық бақылау ұйымдастырылды

23.06.2021

4828 0


22 маусым күні «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде әлеуметтік желіде жиі көтеріліп жүрген су мәселесі бойынша ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК-на қоғамдық бақылау өткізді. «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асқан шараға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев, облыстық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Ляззат Бақтыбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Гүлзира Абдірашитова, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Сымбат Бимағанбетоват және ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК директоры Жамиев Марат пен кәсіпорынның сала мамандары қатысты. Қоғамдық кеңестің кезекті мақсаты су өлшегіштің айналымы, судың ақысы, сапасы және мекеме мамандарының қызметтік этикасы мәселелеріне арналды. Шара барысы әлеуметтік желіге тікелей эфирге шығарылып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сол мезетте кәсіпорын басшысынан тұщымды жауаптары алынып отырды. Су сапасы мен тұтынушылар туралы ақпаратқа тоқталар болсақ, біріншіден, ауыз су сапасын арттыру бойынша Қызылорда қаласының тұрғындарына тәулігіне 86,0 мың текше метр ауыз су 80 ұңғыма, 7 бірлік ІІ-ші су көтеру насос станциялары мен 1024,7 шақырым ауыз су жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыз су сапасы күнделікті кәсіпорынның базалық зертхана мамандарымен сараптамалар жасалынып қадағаланады. Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82  ГОСТ-қа  сай келеді.
Одан бөлек қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бекітілген кестеге сәйкес, сынамалар алынып қадағаланып отырады. Ауыз су сапасын арттыру үшін кәсіпорынның өз қаражатына тарифте бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс жасалуда.
Екіншіден, тұтынушылар жөнінде ақпарат.
  Бүгінгі күні  кәсіпорын барлығы 80176 тұтынушыға ауыз су және кәріз су бойынша қызмет көрсетеді, оның ішінде:
–  Жеке тұлғалар бойынша – 76246 тұтынушы;
–  Заңды тұлғалар бойынша – 3613 тұтынушы;
–  Бюджет мекемелері – 317 тұтынушы.
 Кәсіпорынның қазіргі таңда дебиторлық қарызы 500 млн.теңге.
Дебитор қарыздарды өндіру мақсатында күнделікті рейд жұмыстары жүргізілуде. Рейд жұмыстары барысында ауыз су жүйесіне рұқсатсыз қосылып, ауыз су ақысына төлем жасамай және де  бау-бақшаларын су өлшегіш құралынсыз суарып отырған тұтынушылар анықталып жатыр. Яғни, су есептегіш құралы тек үй ішіндегі ауыз су құбырына орнатылған да, ал ауладағы құбыры су есептегіш құралысыз, есепсіз қолдануда. Осындай анықталған заң бұзушылықтарды актілеп, оларды ауыз су жүйесінен ажырату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар біздің тұтынушылар пайдаланған ауыз су және кәріз суды бұру қызметтеріне ақысын уақытылы төлеуге асықпайды. Мысалы, 76246 жеке тұлға тұтынушыларының 20900  немесе 27,5 проценті су ақысың тұрақты түрде төлейді, қалған 55346 тұтынушы, немесе 72,5 проценті мүлдем төлем жасамайды.
Сонымен қатар 22500 жеке тұлға тұтынушының немесе 30 процентінің су есептеу құралдарының мерзімі өткен. Яғни, 1997-2009 жылдары орнатылған.
Есепке алу аспабынсыз пайдаланушы 10149 тұтынушыға адам санына қарай төлем жүргізіледі, негізінен көбісі бір адам деп тіркеген. Алайда, бұл үйлерде нақты 2-5 адамнан тұрады, — деді кәсіпорын басшысы.
Сөзінің соңында мекеме директрры су сапасының жақсы болуы, қысымының жоғары болуы тікелей тұтынушыларға, яғни олардың жауапкершілігіне (уақытылы суға төлем жүргізу керектігі) байланысты екенін атап көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: