Сенбі, 07 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

13.05.2022

1406 0

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда бірқатар есептік көрсеткіш мөлшері өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сонымен, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (бұрын – 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге (бұрын – 46 302 теңге);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге (бұрын – 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: