Жұма, 19 сәуiр, 15:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада бухгалтерлер бюджетке 687 млн теңге шығын келтірген

03.09.2021

1613 0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, өткен жылдың күзінде «СТОП ОБНАЛ» жедел-іздестіру шаралары аясында, ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан қылмыстық топты құрықтағаны туралы жариялағанбыз.       

Кәсіпкерлік нысан басшылары және жауапты мамандар бірлесіп, контрагент мекемелерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен  көрсетілмеген қызметтер, тиеп-жөнелтілмеген тауарлар үшін жалған бухгалтерлік құжаттарды белгілі бір мөлшердегі сыйақыға жазып беруді жүйелі негізде жүзеге асырып отырған. Жалған есеп айырысулар бойынша сыйақы ретінде берілген ақша сомаларын бөліп алып, жеке бас пайдаларына жұмсаған.  Нәтижесінде  687 млн. теңге көлемінде бюджетке келтірілген залал анықталды.

Қызылорда қалалық №2 соты осы қылмыстық топтың 6 мүшесіне үкім шығарды.

Олардың үшеуіне «мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу арқылы мемлекетке ірі залал келтіргені» үшін  (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 бабы 3 бөлігімен) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үшеуіне сонымен қатар «кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат пен осы іс-әрекетті жасайтын құралдар беру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескені» үшін (Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі)  екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде берілді.

Келтірілген залалдың 105 млн. теңгесі өндіріліп үлгерді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қызылорда облысы бойынша ЭТД

Баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: