Сенбі, 07 желтоқсан, 23:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Салық кодексіне өзгерістер енеді

28.01.2022

1243 0

Өңірімізде мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген жоспар 102,9 пайызға орындалды. Ал республикалық бюджет жоспары 103,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, 2021 жылы кедендік және салықтық әкімшілендірудің нәтижесінде бюджетке 29,5 млрд.теңге өндірілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов хабарлады.

Сондай-ақ, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі жұмыстар мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

– Биылдан бастап салық кодексіне еңбекақы және тағы сол сияқты азаматтардың табысынан салықтарды есептеу кезінде ең төменгі жалақының орнына айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болды. Мысалы, жеке тұлғаның табыс салығын есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшерінде болса, бұдан былай 14 АЕК мөлшерінде белгіленлі. Яғни, салық шегерімінің мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрады. Сонымен қатар, «Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы енгізілді. Ол сатып алушылар мен қызметтерді пайдаланушыларды ақпараттандыру үшін салық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтерге ашық қол жетімділікті ұсыну мақсатында енгізілген. Тағы бір айта кететін жайт, 1 наурыздан бастап екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мобильді төлемдер арқылы жеке кәсіпкерлердің банктік шотына келіп түскен сомалары бойынша мәлімет беруге міндеттелді, – деді Ғалымжан Орынов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: