Сенбі, 25 сәуiр, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк төрағасы сәуірдегі инфляция деңгейіне болжам жасады

25.04.2026

43 0

Фото: ұлттық банк

Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте сәуірдің қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейіне болжам жасады, – деп хабарлайды  kursiv.media

2025 жылдың қыркүйегінде инфляция шырқау шегіне жетіп, 13,9% болған еді. Соңғы 4-5 айда Ұлттық банк пен Үкіметтің қабылдаған нақты шараларының арқасында инфляция 2%-ға төмендеді.

«Қараша айында базалық мөлшерлемені көтердік. Өздеріңіз білетіндей, шешімнің әсері бірден емес, белгілі бір уақыттан кейін білінеді. Міне, сол шешімнің нәтижесі дәл қазір толық деңгейде сезіле бастады. Яғни, қазір біз барлық игі істердің жемісін көріп жатқан кезеңдеміз»– деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда айлық инфляция жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл көрсеткішті сәуір айында да сақтап қалу керек. Себебі, осы айда жағдайдың түбегейлі өзгеретіні немесе өзгермейтінін түсінетін боламыз.

«Менің болжамым бойынша инфляция 10-10,5%-ға дейін төмендейді. Немесе одан сәл жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, инфляция төмендеуге келе жатқаны анық»–  деді ол.

Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешім шығарып, негізгі көрсеткішті төртінші рет 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: