Бейсенбі, 10 қазан, 10:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы қорындағы қаржы: Емделуге өтініш қабылдау басталды

25.02.2021

24132 0

25 ақпаннан бастап Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты емделуге алу үшін өтініш қабылдау басталады. Ол үшін мекенжай бойынша тіркелген медициналық мекемеге барып, комиссиядан денсаулығына қатысты арнайы қорытынды алу керек. Бұл қызмет түрін орфандық аурулары бар және стоматологиялық емді қажет ететіндер, онкологиялық аурудың кесірінен денесіне өзгеріс енгізіліп, косметологиялық операция жасату қажет жандар пайдалана алады.

– Дәрігерлік комиссия 5 жұмыс күннің ішінде қордан ақшаны алуға рұқсат береді немесе бас тарту туралы шешім шығарады. Егер оң шешім шығарылса, жинақтағы ақша екі жұмыс күні ішінде емделетін мекеменің шотына аударылады, – деді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева. Ақша қолға берілмейді. Барлығы онлайн және есеп-шотқа аудару арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, «Отбасы банк» өкілдерінің айтуынша, үстіміздегі жылдың наурыз айының басында шетелдік медициналық мекемелермен де жұмыс жүргізіледі, яғни қордағы қаржыны өзге мемлекетте емделу үшін жұмсауға мүмкіндік болады. Тек стоматологиялық ем-дом ғана елде жүргізіледі. Ал басқа ауру түрлеріне, жасанды жолмен ұрықтандыруға әзір қордағы қаржыны алу мүмкін емес. Себебі, биыл оған 7 мың квота бөлінген. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы жеткілікті болса, бірнеше рет түрлі ауруға пайдалануға болады. Сондай-ақ, емделетін мекемені өтініш беруші өзі таңдайды, тек көрсететін қызметке медорталықтың лицензиясы болуы керек. Бұл тізімге емі қымбат ауру түрлері енгізілген

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: