Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа экономикалық тұғырымыздың бастауы

14.01.2022

1000 0

Биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек. Ел егемендігі сыналған кезең болды бұл жыл. Әлем жұртшылығының назары бізге ауды. Дегенмен шұғыл әрі батыл қабылданған саяси шешімдер арқасында сын сағаттан сүрінбей өттік. Тұғырлы тәуелсіздігімізге дақ түспеді. Сол себепті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтарда жасаған мәлімдемесінің тарихи маңызы мен ел үшін мәні зор болды.

Мемлекет басшысы айтқандай, ендігі міндет –  қоғамда қордаланған саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу. Өйткені мұның барлығы халық өмірінде маңызды орын алады.

Жыл басындағы толқу әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан, инфляция мен жаппай қымбатшылық сияқты қарапайым халықтың өміріне тікелей қатысты себептерден бастау алды. Соған орай Мемлекет басшысы алға ұлттық экономиканы қайта құруға бағытталған міндеттер қойды. Сондай-ақ жаңа үкіметке нақты тапсырмалар беріп, елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешуді тапсырды. Нақтырақ айтсақ, арықтық қатынастарға өту, еркін бәсекелестікке жол ашу, отандық бизнеске қолдау көрсету сынды маңызды мәселелерді қаузады. Одан бөлек,  ұлттық компаниялар мен олардың еншілес кәсіпорындарына арнайы тексеріс жүргізу, тиімсіз қызметтерді қысқарту,  мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, бюджеттік қаржы-қаражатты талан-таражға салуды тоқтату, ауыл шаруашылығын қайта құру, еңбек өнімділігін арттыру, негізсіз салынатын салықтар мен қайда кетіп жатқаны түсініксіз төлемдерді жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Қоғамдағы күйіп тұрған мәселелерді қаузады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатына елеулі ревизия жасау жөніндегі алға қойған міндеттері халықтың ұмтылысын көрсетеді.

Жалпы қорыта келгенде, ел Президентінің дүйім елге жасаған осынау мәлімдемесі, мемлекеттік билікке берген тапсырмаларының іс жүзінде шынайы орындалуы еліміздің жандануына, жаңаша дамуға жол ашары талассыз.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: