Депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды kursiv.media
Депутат Ерлан Стамбековтің айтуынша, құжатты Парламент депутаттары дайындаған. Оның басты мақсаты – 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асыру.
«Заң жобасы аясында Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Олар бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына, Қазақстан Халық Кеңесінің жасақталуына байланысты. Сондай-ақ, азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуі кезінде мемлекеттік баж салығын төлеу талабы да жойылады», – деді депутат.
Оның сөзінше, бұл заңның қабылдануы ешқандай жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің шығынын көбейтпейді және кірісін азайтпайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
