Бейсенбі, 30 наурыз, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (1932)
28.03.2023
PDF мұрағаты

Google YouTube блогерлерге салық салмақ

12.03.2021

1099 0

Google компаниясы жаздан бастап АҚШ-тан тыс жерде орналасқан YouTube блогерлерге табыс салығын салмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Google 2021 жылдың маусым айынан бастап АҚШ-тан басқа мемлекеттерде тұратын видеоблогерлерге салық салатын болады. Бұл сіздің табысыңызға әсер етуі мүмкін. Сондықтан, Google компаниясы салық мөлшерін дұрыс анықтау үшін AdSense-ке тиісті салық ақпаратын 2021 жылдың 31 мамырына дейін беруіңізді сұрайды. Егер сіздің салық ақпаратыңыз 2021 жылдың 31 мамырына дейін берілмесе, Google сіздің ғаламдық YouTube табысының 24% -на дейін шегермек», – деп жазды компания.

Егер блогер қажетті ақпаратты ұсынса, оның салық ставкасы АҚШ-қа тиесілі табыстың нөлден 30% -на дейін болатындығы және тәуелді болатындығы нақтыланады.

Google АҚШ-тың ішкі кірістер кодексінің 3-тарауына сәйкес белгілі бір жағдайларда табыс әкелетін және салықты ұстайтын шетелдік  видеоблогерлерден салық ақпаратын жинауға жауап беретіндігін түсіндірді.

Тағы да оқыңыз: