Сенбі, 20 сәуiр, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Мобильді аударым жасырын кәсіпкерді анықтауға арналған шара

31.01.2024

261 0

Мобильді аударымдарды бақылау – жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға арналған. Сәйкесінше, жасырын кәсіпкерлер анықталған жағдайда оларға салық салынатын болады. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Биылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Бұл мәліметтің барлығы жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңі өткеннен кейін ғана анықталып отырады. Яғни, күнтізбелік 3 ай қатарынан ай сайын әр түрлі 100 тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Айта кету керек, камералдық бақылау жүргізу арқылы тек кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда ғана аударымдар тексеріледі. Сонымен қатар, тұтынушы қандайда бір төлем түрімен аударым жасағысы келсе, жеке кәсіпкер оны қабылдауға міндетті. Ал, тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, бұл бағыттағы кәсіпкерлердің әрекеті заңсыз болып есептеледі. Өйткені, бұл тұтынушының құқығын бұзу болып саналады. Кәсіпкерлер төлем карталарын қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші ретке «ескерту» жасалады, ал егер мұндай жағдай 1 жылдың ішінде тағы қайталанса -147 680 теңге (40АЕК) көлемінде айыппұл салу көзделген, – деді облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: