Жұма, 19 сәуiр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ол үшін сапа бірінші орында

02.01.2023

553 0

Қызылордалық «Асыл дән LTD» ЖШС Астана қаласында өткен «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы болды. Бұл – Сыр өңірі үшін үлкен жетістік. Компания ұзақ жылдан бері күріш өңдеу өнеркәсібімен айналысып келеді.

Халқымызда «Еңбек ер атандырады» деген даналық сөз бар. Ұжым ауызбір¬шілігі арқасында шаруашылық көптеген жетістіктерді бағындырып келеді. Ком¬пания директоры Нұрлан Алдамдаров¬пен хабарласып, шаруашылық жұмысы жайлы аз-кем әңгімелескен болатынбыз. Шаруашылық директорының айтуынша, алдағы уақытта жұмыс ауқымын кеңейте түсіп, күріш өнімінің жаңа түрлерін жетілдіре түсу жоспары бар.
– Біздің компания көптен бері күріш ақтаумен айналысып келеді. Бұл салада тәжірибемізді жетілдіріп, жұмыс ауқымын кеңейте түсуді мақсат етіп отырмыз. «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы атанғанымыз бізге үлкен серпін беріп отыр. Осындай республикалық деңгейдегі байқауға бі¬рінші рет қатысып жатырмыз. Бұл – бізге өте үлкен марапат. Мұның барлығы ұжымымыздың арқасында. Үлкен жұмыс жасалды. Соның нәтижесінде осындай жетістікке жетіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұдан да жоғары байқауларға қатысып, нәтиже көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Сапа біз үшін бірінші орында, – дейді «Асыл дән LTD» ЖШС директоры Нұрлан Алдамдаров өз сөзінде.
Компания 45 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімнің 60 пайыздан аста¬мын экспортқа шығаруда. Бүгінде кәсіпорында тәулігіне 80 тонна күріш өңдейді. Тиімді жұмыс үшін кәсіпорынға қажетті мөлшерде арнайы техникалар сатып алынды. Өндіріс көлемін одан әрі кеңейту үшін қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған күріш өңдеу зауыты 2016 жылы пайдалануға берілді. Зауытта заманауи жоғары технологиялық жабдықтар, бүкіл өңдеу процесі мен өнім сапасын бақылайтын зертхана, жүк көліктерінің таразылары, шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қоймалары бар. Кәсіпорынның басты міндетінің бірі – облыс аумағында өсірілген жоғары сапалы күріштің дәмдік ерекшелігі мен табиғилығын әлемге таныту.
«Топырақтың тұздылығының жо¬ғарылауы біздің күрішті, ерекше, ұмытылмас дәммен қамтамасыз етеді. Міне, бұл – біздің еліміздің әлемдік күріш өндірушілер нарығында мақ¬тана алатын ерекше қасиеттері саналады», – дейді өндіріс директоры.
Тағы бір ерекшелегі, компания заманауи талапқа сай менеджмент жүйесін жолға қойып отыр. Соны¬мен қатар өнімнің жоғары сапасын жетілдіріп, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету¬де. Бұл – кәсіп барысын дамыту¬дағы бірегей жобаға жүйеленген іс.
М.ШАЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: