Сенбі, 25 сәуiр, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Қаламгер мұрасы – халық қазынасы

25.04.2026

42 0

Фото: Облыстық кітапхана

24 сәуір күні облыстық кітапханада «Жаңа Қызылорда»: даму мен руханият үндестігі» атты «Әкім аға тілеулестері» РҚБ халықаралық Х форумы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Ә.Ысқақтың «Өлімді жеңген махаббат», «Алтыным» кітабының қарақалпақ тіліндегі аударма кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Қаламгер мұрасы – халық қазынасы
Қаламгер мұрасы – халық қазынасы

Кешті Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, республикалық Әкелер Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Е.Ескендір жүргізді.
Мақсаты – қаламгердің өмір жолын өскелең жастарға үлгі ету, шығармаларын насихаттау.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрғасы М.Тілеумбетов ашып, облыс әкімінің құттықтауын табыстады. Облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, мемлекет және қоғам қайраткерлері Б.Еламанов, Б.Каюпов құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі.

Қаламгер мұрасы – халық қазынасы


Кешке «Өлімді жеңген махаббат» кітабының редакторы, журналист, тарихшы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі З.Әшірбек, Бердак атындағы Қарақалпақстан университетінің профессоры И.Сейітназарова, «Өлімді жеңген махаббат» кітабының кейіпкері Қ.Бақбергеновтің туыстары Ж.Бақбергенова, Р.Шамұратова, семейлік ақын Ү.Шарипова, «Өлімді жеңген махаббат» кітабының редакторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Р.Махамбетова, жергілікті зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қаламгер мұрасы – халық қазынасы


Кеш қонақтары әмбебап тұлға, майталман қайраткер, асыл сөзден өлең өрген қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндады. Жыршы, республикалық байқаулардың лауреаты Ж.Жақсанов арнауын арнады. «Өлімді жеңген махаббат» кітабының кейіпкері Қ.Бақбергеновтің сөзіне жазылған әндерін белгілі әнші-композитор Ү.Ерниязов, Г.Ермағанбетова, М.Байжановтар, қаламгердің жаңа әнін әнші Т.Шерниязқызы орындады. Оқырмандар өмірді сүюге үндеп, дем берген, күш-қайрат сыйлаған «Алтыным» кітабынан үзінділер оқыды. Кеш қонағы Әкім Ысқақ өз шығармашылығынан сөз өрбітті, кітапханамызға кітаптарын тарту етті.
Оқырмандар назарына «Кемел ой, кестелі сөздің иесі» кітап көрмесі ұсынылды.

Қаламгер мұрасы – халық қазынасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: