Бейсенбі, 21 мамыр, 10:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілуде

21.05.2026

37 0

Фото: akorda.kz

Қазақстанда жыл сайын 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – ұлттық мәдениет пен руханияттың дамуына үлес қосып жүрген жазушылар, суретшілер, театр және кино қайраткерлері, кітапхана, музей, архив қызметкерлері мен өнер саласының мамандарына арналған кәсіби мереке. Олар елдің мәдени мұрасын сақтап, ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Аталған мереке алғаш рет 1998 жылы бекітіліп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланған болатын. Кейін 2013 жылы Президент жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес мереке күні 21 мамырға ауыстырылды.

Айта кетейік, биыл 18 мамырда ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, қоғам қайраткері әрі дипломат Олжас Сүлейменов 90 жас мерейтойын атап өтті. Сондай-ақ 19 мамырда Парижде өткен жаттығу кезінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина көрермендерге қазақтың шашу дәстүрін көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: