Жұма, 27 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Марбург
вирусына қарсы тұра аламыз ба?

22.10.2024

276 0

Осыдан 4 жыл бұрынғы коронавирустың салдары әлі ұмытыла қойған жоқ. Алайда әлемде таралып жатқан қауіпті вирустың соңы тәжді тажалмен бітпейтіндей. Бұған дейін де коронавирустың жаңа штамдары пайда болғаны, одан басқа да вирустың жаңа түрлері шыққаны белгілі. Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі тағы бір вирустың өршуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту туралы бұйрық шығарды. Аталған вирустан туындайтын қауіпті инфекцияның пайда болуы туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертті. Соның аясында қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылуда. Бұған қатысты
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қауіпті инфекция – Марбург вирусының өршуі туралы ескертуінен кейін эпидемиологиялық
жағдайды бақылауды күшейткенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған вирустық ауру – адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін. Марбург қызбасының табиғи ошақтары – Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка, Габон, Судан, Конго демократиялық республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения қаласы саналады. Осы орайда министрлік тарапынан ақ эндемиялық елдерге баратын отандастарға арнайы профилактикалық шараларды сақтауды ұсынды.
Бүгінде Қазақстанға Марбург вирусының таралуына жол бермеу үшін бақылау күшейтілген. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың айтуынша, аймақта эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Сондай-ақ аймақтың бас санитары аурудың клиникалық көріністері вирус жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен аралығында біліне бастайтынын айтады.
– Аурудың негізгі белгілері қызу көтерілу, тамақ ауруы, бөртпе, іш ауруы, мұрыннан және көзден қан кету. Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі. Вирус адамға тікелей байланыс арқылы беріледі. Сіз зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы жұқтыра аласыз. Сонымен қатар вирусты заттардың бетіне тигенде және төсек-орын немесе науқастың киімі сияқты материалдарды ұстаған кезде жұғуы мүмкін, – дейді маман.
Мамандар айтқандай, вирус қауіпті саналады. Оның арнайы емі не оған қарсы вакцина жоқ. Сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Марбург вирусының эпидемиологиялық жағдайының дамуын мұқият қадағалауда. Елімізде инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық әуежайларда, мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Сонымен қатар сырттан келетін жолаушыға термометрия тұрақты түрде жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: