Соңғы жылдары Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне оң баға берілуде. Мұнда халықтың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасау ниетінде барлық сала бойынша ілкімді істер атқарылуда. Мәселен, республика бойынша ыстық сумен қамтылмаған облыс орталықтарының бірі – Қызылорда қаласы еді. Мемлекет басшысының қолдауымен бұл мәселе де оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта бұл бағытта қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, бүгінде 176 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамту жүргізілуде.
«Асанас-Дар» ЖШС басшысы Марат Үсенбаевтың айтуынша, қаладағы көпқабатты үйлердің ыстық сумен қамтылуы жобасы бойынша жұмыстар өз деңгейінде орындалуда.
Қазіргі таңда қажетті жабдықтар толық жеткізіліп, тұрғын үйлерде сыртқы магистральдық құбырларды дәнекерлеу және іске қосу-баптау жұмыстары атқарылуда. Бүгінде 171 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алған. Жоба толық іске асқанда жүздеген отбасы ыстық суға қол жеткізіп, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсара түспек.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!