Жексенбі, 28 сәуiр, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Әнші Kalifarniya Американың үш қаласында концерт бермек

06.09.2023

421 0

Жастар арасында Kalifariniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев “Түнгі студия” бағдарламасында алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың: “Қазақстандық жас әншілер елімізде ғана емес, шетелдерде де концерт берсе екен, сол жақтан ақша алып келсе екен деп ойлаймыз. Қандай жоспарларың бар?” деген сауалына Фархат: “Бұйырса Американың үш қаласында концерт бергелі жатырмын. Сол жақтан ұсыныс түсті. Қазіргі кезде көршілес Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея елдерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазан айында Американың Нью-Йорк, Майами және Чикаго қалаларында концерт өтеді”, – деп жауап берді.

Жақында биші қызға үйленген Kalifariniya шетелдегі концерттеріне келіншегінсіз аттанатынын айтты.

“Менімен ермейді, үйде қалады. Бұл біздің ортақ шешім”, – дейді Фархат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: