Сенбі, 11 мамыр, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Әнші Наркенже Серікбаева бірінші күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

04.09.2023

1170 0

Белгілі әнші Наркенже Серікбаева “Менің өмірім” бағдарламасында бірінші некесінің сәтсіз аяқталуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі өзінің ерте тұрмысқа шыққанын айтты. 

«Тағдыр ғой ол. 17 жасар қызбын. Ақыл тоқтатпаған… Екі жақ бірдей демеп отырса, қазіргі жастар да ажыраспас. Мен өте ерке болдым. Он бірдің кенжесі, әкемнің қызы болғанмын. Анам бір-ақ рет ұрған. Онда да ұршығының жібін үзіп тастаған кезде. Әпкелерім, ағаларым ұрмаған. Еркелік қой таза… Ол жақ та демеп: «Ол саған қатын болмайды» дегеннен гөрі, қосып жіберсе, тағдыр басқа болар еді. Менің бір жақсы қасиетім бар. Артқа үңілмеймін. Бәрі менің алдымда», – дейді Наркенже Серікбаева.

Әншінің айтуынша, қазіргі күйеуін Құдайдан сұрап алған.

“Қазіргі жолдасым Аллаға шүкір. Мен шынымен Алладан сұрадым. «Жақсы ер азамат сыйлашы. Мүмкін, аманатыңа қиянат жасап жүрген шығармын. Бір ер азамат сыйлашы, алақаныма салып көрейін» дедім. Мүлдем ұрсыспаймын деп айта алмаймын, кейде болады”, – дейді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: