Сенбі, 20 сәуiр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Бишілердің жеңісі

04.05.2022

1280 0

Сыр еліне тағы бір ақжолтай хабар жетті. Түркістан қаласында өткен «АРЕНА ТАНЦЕВ» атты халықаралық би байқауына «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі қатысып, жеңімпаз атанды.

Мың бұралған бишілер тобы талдырмаш өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр.  Саусақ иірімі сан құбылғанда таңдай қағарсың. Бұл – биші балапандардың өнері. Музыка үнімен үндесіп, тілдесе біледі. Өнер мектебі жанынан құралған «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі – бекзат өнердің биігіне самғап келеді. Бүгінгі жетістігі соның айқын көрінісі.

– Балаларды би сыныбына бергенде одан сымбатты өнер иесі шығары сөзсіз. Кейбір ата-аналар балаларының биге деген қызығушылығын байқап, осы өнер орталығына бағыттап жатады. Бұл – құптарлық іс. Міне, мұндай балалар тез бейімделеді. Кешегі байқауға байланысты айтарым, жарыс жоғары деңгейде өтті. Жетістікке жету үшін көп еңбек қажет. Сондықтан баланың өнерін дамытып, талабын ұштау ұстаздың міндеті, – дейді ансамбль жетекшісі Айгүл Құттымұратова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: