Сенбі, 06 наурыз, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (1720)
06.03.2021
PDF мұрағаты

Бүгін композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығы

10.02.2021

351 0

Бүгін «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, танымал композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні.

Ән әлеміне қайталанбас қолтаңба қалдырған көрнекті сазгер тірі болғанда 75 жасқа толар еді. Сыр перзенті саналы ғұмырында «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасының, «О, дүние» кантатасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы атанған.

Қазіргі таңда қазақ сахнасындағы көптеген өнерпаз Кеңес Дүйсекеевтің әндерін өз қоржындарына қосып, композиторды тәлімгер тұтады. Сазгер ұстаздық жолында да еселі еңбек етті. Білікті ұстаздың алдын көрген танымал тұлғалар қатарында әнші Димаш Құдайберген де бар.

Айта кетейік, Кеңес Дүйсекеев 2020 жылдың шілде айында коронавирус індетінен көз жұмған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: