Сәрсенбі, 03 шiлде, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Гүлзира Айдарбекова: «Елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық»

18.06.2024

548 0

Сурет:әлеуметтік желі

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жаңалық айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, Атырауда жоспарланған Қайрат Нұртастың концерт өткізілмейді, себебі ұйымдастырушылар ұятқа қалдырған.

«Құрметті Атырау қаласының қонақтары және тұрғындары! 17.07.2024 жылы Атырау қаласы Махамбет драма театрында болу қажет Қайрат Нұртастың концерті өткізілмейтін болды. Себебі ұйымдастырушы кесірінен концертімізді өткізбеуге тура келіп отыр. Билеттеріңіздің ақшасын сол компаниядан қайтарып алсаңыздар болады. Қайрат Нұртас және оның командасы концертке дайын екенін ұйымдастырушыға хабарлап айтқанда, ол кісілерден кері байланыс ала алмадық. Сіздерден тудырған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз. Не ватсапқа жауап жоқ, тұтқаны мүлдем көтермейді. Түнгі 12-ге дейін еш жауап ала алмадық, қатты уайымға салынып отырмыз. Амал жоқ, біз ұшпадық, билеттеріңіздің ақшасын қайтарып алыңыздар. Пәлен жыл жұмыс жасаған адам осылай елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық. Біз жақтан айып жоқ, жолға дайын отырдық, бүкіл хабарласқанымыз, хаттарымыз тұр», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: