Сенбі, 23 мамыр, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Құрылыс алаңында жұмыс қарқыны артқан

23.05.2026

103 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Президент саябағында салынып жатқан жаңа кітапхананың құрылыс барысымен танысты.

Құрылыс алаңында жұмыс қарқыны артқан

Мемлекет басшысы өткен жылы аймаққа жұмыс сапарымен келгенде Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылорда қаласында ашылатынын айтқан болатын. Бүгінде нысан құрылысы қарқын алды.

Құрылыс алаңында жұмыс қарқыны артқан

Заманауи, көпфункционалды кітапхана салуға инвестор есебінен 20 млрд теңге бөлінген. Жоба еліміздегі кітапхана инфрақұрылымын дамытуға, оқырман қолжетімділігін арттыруға және өңірлерде ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

Құрылыс алаңында жұмыс қарқыны артқан

Жалпы 13 000 шаршы метр аумақта 1 миллионнан астам кітап қорын сақтау, жыл сайын 250-300 мың оқырманға қызмет көрсету жоспарланған. Кітапханада ашық форматтағы оқу залдары, 50 адамға арналған цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге арналған электронды бөлме, инновациялық медиа-лаб пен подкаст студиясы болады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: