Сейсенбі, 14 мамыр, 19:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінімен мақтануға қорқақтайтынын айтты

06.09.2023

494 0

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ортаншы келіні Әйгерімді туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Продюсер келінін азғырғандар болғанын жасырмаған.

«Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді ұзақ өмір жазсын! Менің түсінгенім, өмірлік жарын жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз. Оны бақылап отырған оқырмандарым да, сені көп мақтай бермесем де байқап жатқандары шындық. Мақтауға тұрарлықсың, тек көз тимесе екен деген ниетпен… мақтануға қорқақтайтыным ол да рас. Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тектілігімен көрсетіп, тәрбие беріп отырған, сені өмірге алып келген Дана құдағиыма, Алихан құдамызға мың алғыс! Аян екеуің абыроймен 100 жасап ұрпақтарыңның бақытын көрулеріңді жазсын Алла!» – деп жазды ол.

«Рахмет, анашым», – деп жауап жазған келіні Әйгерім.

Желі қолданушылары да оларға ізгі тілегін арнаған.

«Енесі жақсы болса келін де жақсы болатын шығар. Гульзира ханым өзі ерекше жан, Алла ниетіне берген шығар. Анасы бар адам қартаймайды, баласы жақсы ана қартаймайды деген ұғым да рас екен», «Ене деген осындай болу керек қой», «Ең қарапайым адал келін екені көрініп тұр. Құтты болсын», «Осы келініңіз жақсы шынында да, туған күні құтты болсын. Әйел бақытын тілеймін», – дейді олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: