Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Кейінгі «фильмдерде» мән, мағына, тәрбие, әдеби тіл атымен жоқ»: Қанат Айтбаев 

30.11.2024

548 0

Сурет:alash.kz

Елге сыйлы әнші Қанат Айтбаев кейінгі кезде жарыққа шыққан фильмдерді сынады, деп хабарлайды Alash.KZ.

 Елімізде кейінгі кезде жарыққа шыққан кейбір фильмдерді көргенде мына нәрсені түсіндім. Кино түсіру саласын мемлекет тарапынан лицензиялап, әдеби, идеологиялық тұрғыда нақты бақылау орнату қажет.  Көптеген «фильмдерде» мән, мағына, тәрбие, әдеби тіл дегендер атымен жоқ. «Режиссерлер» өз өресінің деңгейіндегі – боқтығы араласқан шұбар тілді дүниелерін көрерменге еш кедергісіз ұсынып жатыр.  

Өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтан сусындап, рухани өркендеудің орнына, азғындыққа жетелейтін не болса соны көріп жүр. Лас нәрсені күнде көрген адамның жан дүниесі кірлейді, сұлулыққа сүйсіну, әдемілікке, ізгілікке ұмтылу деген қасиеттерден жұрдай болады… Қоғамда жан дүниесі кірлеген адамдар көбейсе не болатынын бағамдай беріңіз… – деді әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: