Сенбі, 21 желтоқсан, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Меруерт Түсіпбаева өнер өкілдеріне қатысты құпияны ашатын әріптестеріне шүйлікті

09.10.2024

250 0

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм болған өнер өкілдеріне қатысты құпияның жария болмау керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі өзінің де көп ел алдына шығып, сұхбат бергісі келмейтінін айтты. 

“Пост жазуға сұхбат беруге құлқым жоқ. Өтірік айтқым келмейді. Шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен, көптен бері осы ой мазалап жүр еді… Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беру дұрыс емес. Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтару – көргенсіздік. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. “Мұнысы несі екен?!” деп ойладым да қойдым. Тіпті мынау не деп оттап отыр деп те ұрысып алдым. Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар?! “Өзі жоқтың –көзі жоқ” деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі мен көзі кеткенімен артында бала- шағасы, ел- жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкімес, жауапқа тартпас, сотқа бермес. Бірақ артында қалған ұрпағы бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар!”, – деп жазды әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: