Жексенбі, 06 қазан, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

«Тамақ дайын, үй жинаулы»: Мерей Абилова босанғаннан кейінгі өмірін көрсетті

20.09.2024

282 0

Фото: Stan.kz

Жақында ана атанған блогер Мерей Абилова босанғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді. 

“Мен қазір қырқына дейін мама-папаның үйіндемін (ата-ене). Бұл ең дұрыс шешім болған екен. Бәрі жан-жақтан көмектеседі. Әсіресе маманың көмегі зор. Тамақ дайын (повар). Үй жинаулы. Педиатр үйге келеді. Шомылдыруға арнайы медсестра келеді, өзіміз үйреніп алмағанша. Менде қазір қалпыма келу және балаға қарау. Қазір ол көп ұйықтайды ғой, сол кезде мен де ұйықтап алуға тырысамын. Шыны керек, түнде дұрыс ұйықтай алмаймын», – деп жазды ол желіде. 

Одан кейін танымал блогер жаңа туған сәбиге қандай есім бергенін де айтып өтті. Әлеуметтік желідегі оқырманы блогерден «Мариямның атын кім қойды?» деп сұрады. 

«Мама (енем) осы есімді ұнатып, бізге кеңес берді. Біз келістік. Мариям әдемі есім ғой. Аружанның қызының атымен бірдей болғаны ештеңе етпейді деп ойлаймын», – деп жауап берді Мерей Абилова. 

Еске салайық, блогер Мерей Абилованың әкесі өмірден өтіп кеткенін жазған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: