Жұма, 29 наурыз, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ұлағатты ана – ұлт байлығы

04.10.2022

881 0

Қалалық №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, халықаралық айтыскерлер мен жыршы термешілер Одағының мүшесі Қазына Мералықызы Өзденбаевамен «Ұлағатты ана – ұлт байлығы» атты сыр сұхбат кеші өтті.

Рухани шараға кейіпкеріміз арнайы қонақ болды. Сонымен қатар  Тасбөгет кенті ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Олжабай Тобақабылов қатысты. Қазына Мералықызының өмірілік жолы жас буынға үлгі. Ол ҚР «Үздік автокөлікші» төсбелгісінің иегері. «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Тыңға 50-жыл», «Қызылорда облысының 70-жыл», «Автотранспорт саласына 80-жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған. Сондай-ақ Жалағаш ауданының құрметті азаматы.

Кеште кейіпкердің қарапайым механизатордан поэзия мен әдебиетке алып келген шығармашылығы туралы жас оқырмандарға толық мағұлмат берілді.

Шара барысында үш дүркін халықаралық байқаудың жеңімпазы, Дубай, Түркия, Грузия елінде өткен Халықаралық байқаудың бас жүлде иегері Ержігіт Сармырзаев кеш иесінің «Тілек», Ақерке Нұрлыбай «Туған жер» өлеңін жатқа оқыды.

Сонымен қатар №176 мектеп мұғалімі Бексұлтан Сүйкімбай ақынның өлеңін жатқа оқып, өз жүрек жарды тілегін жеткізді. Шара соңында Қазына Мералықызының суреттерінен видеоролик көрсетіліп, «Ұлағатты ана-ұлт байлығы» тақырыбында кітап көрмесі жасалды.

Айнұр Тайлыбаева

қалалық №1 кітапхананың

аға кітапханашысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: