Жұма, 19 сәуiр, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жанар Айжанова Азиядағы ең үздік актрисалардың бірі деп танылды

12.10.2022

1353 0

Бұл номинацияға ASIA CONTENTS AWARDS-2022 (ACA) (Пусан қ.) фестивалінде Salem social media ұсынған «Аппақ келін» веб-сериалындағы басты рөлді сомдағаны үшін қатысты деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Азияның ірі кинонарығында «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша бес үміткердің қатарына кірген алғашқы отандық актриса болды.

8 қазан күні Пусан қаласында марапаттау рәсіміне Жанар Айжанова арнайы қатысқан. Қазақ енелерінің бейнесін Қамажай рөлінде сомдаған актриса өзін қолдаған барша жандарға алғысын білдірді.

«Құрметті көрермендер! Мен ASIA CONTENTS AWARDS-2022 сияқты беделді байқаудың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Ең алдымен ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Қазақстан атынан осындай мәртебелі марапатқа қатысу – мен үшін мәртебе. «Аппақ келін» (Perfect bride) веб-сериалында өте маңызды тақырыпты көтеріп, халықаралық деңгейге шығарғаны үшін Salem social media алғыс айтамын. Кейіпкерім Қамажай көрермендердің жүрегінен орын тапты. Бұл жердегі басты еңбек– команданың шеберлігі мен тыңғылықты дайындығы. Тынымсыз еңбегіміз өз жемісін берді», – деді Жанар Айжанова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: